Дауыл, бұршақ, жаңбыр: 16 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын Карск аймағынан келетін циклон анықтайды. Онымен найзағай, жаңбыр күтіледі. Солтүстікте қатты жаңбыр жауады. 15-20 м/с дейін жел күшейіп, дауыл, бұршақ болжанады. Еліміздің солтүстік-батысында кей жерлерде тұман күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с артады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар облысында, Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді. Сондай-ақ дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с артады. Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл тұрып, 15-20 м/с екпінмен жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, дауыл, бұршақ болжанады. Желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Күндіз екпіні 23 м/с артады.

Батыс Қазақстан облысында, күндіз Ақтөбе облысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар