+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Дауыл, бұршақ: 5 маусым күнгі ауа райы болжамы

2020 жылғы 5 маусым 04:56
Бөлісіңіз:
Дауыл, бұршақ: 5 маусым күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 5 маусымда Қазақстан өңірлерінде құбылмалы күн райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда дауыл, бұршақ болжанады. Еліміздің тек оңтүстігі мен солтүстігі әлі де жоғары атмосфералық қысым аймағында болғандықтан, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кейбір өңірлерде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады Бүгін Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды

Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында желдің күші күндіз 23-28 м/с артады. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Түркістан, күндіз Алматы, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында шаңды дауыл болжанады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз дауыл, бұршақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген аумақтарында түнде және таңертең тұман болады. Кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында, Түркістан, Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT