Дәурен Сәбитов ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры болып тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәурен Сәбитов ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәурен Қуанбекұлы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін аяқтаған.

2013-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік саясаты және логистика департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

2017 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары болды.


Соңғы жаңалықтар