Дәурен Нұралинов «Халық Барысы» атанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 25-26 мамыр күндері «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде қазақ күресінің бір тармағы - белдесуден республикалық турнир өтті.

Аталған күрес түрінен бақ сынауға Қазақстанның барлық аймағынан 1 мыңға жуық балуан келді. Жарыстың бірінші күні олар іріктеу кезеңінен өтті. Ал турнирдің екінші күні 32 балуан өзара күш сынастыү

І орын иеленген Дәурен Нұралиновқа (Алматы қаласы) 9 млн теңге, диплом, медаль, шапан сыйға тартылды. Жаттықтырушысы Қиқымов Мақсатқа 1 млн теңге берілді.

ІІ орын алған Талғат Жиентаевқа (Қостанай облысы) 4,5 млн теңге, диплом, медаль, шапан сыйға тартылды. Жаттықтырушысы Жиентаев Тоқтарға 500 мың теңге берілді.

ІІІ орындағы Ғалымжан Қырықбаевқа (Жамбыл облысы) 2,7 млн теңге, диплом, медаль, шапан сыйға тартылды. Жаттықтырушысы Ақбергенов Бахтиярға 300 мың теңге табысталды.

ІV орындағы Ернар Мағауинов (Алматы қаласы) 1,8 млн теңге, диплом, медаль, шапан сыйға тартылды. Жаттықтырушысы Насиев Ермек, 200 мың теңге берілді.

nullЕкінші рет өткен «Халық Барысы» турнирінде «Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында ұмыт қалған көне балуандық өнеріміз «белдесу» спорт түрін қайта жаңғыртуды жүзеге асыру, жастарды спортқа тарту, қазақ халқының ұлттық спорт түрлерін насихаттап, спорттық салт-дәстүрін сақтауға жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылды.

Халық арасынан шығатын барысты анықтау шарасын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Қазақ күресі федерациясы және «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізді.

Күрес мерекесіне ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Е.Рамазанов, Алматы қаласының әкімі Б.Байбек, Мәскеу олимпиадасының жеңімпазы Ж.Үшкемпіров, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Д.Биткөзов, ҚР Қазақ күресі федерациясының президенті А.Шораевтар қатысты.

Сондай-ақ, шара барысында «Алашұлы», «Ұлытау», «Тұран», «Алдаспан» топтары өнер көрсетіп, ұлттық құндылықтар мен атрибуттар насихатталатын театрландырылған шоу және акробатикалық көрсетілімдер, ат үстіндегі ұлттық спорт түрлерінің ерекшеліктері, семсерлесу көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар