Дәурен Елеусіновтің тоғызыншы жеңісі нокаутпен аяқталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшылар Дәурен Елеусінов (8-1-1, 7 КО) пен Арман Рысбек (7-1, 6 КО) Алматыда MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кешінде жұдырықтасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz айтына сілтеме жасап.

Олардың супер орта салмақтағы жекпе-жегі сегіз раундқа есептелген болатын. Бірақ ол Елеусіновтің жеңісімен ерте аяқталды - бесінші раундтан кейін Рысбек жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Дәурен Елеусінов кәсіби мансабындағы тоғызыншы жеңісіне жетті, ал Арман Рысбек екінші рет сүрінді.


Соңғы жаңалықтар