Дәурен Елеусінов Жәнібек Әлімханұлын жеңген боксшымен жекпе-жек өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (8-1-1, 7КО) рингке 10 шілде күні оралады. ҚазАқпарат бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Бокс кеші Алматыда өтеді. Онда ол өзге қазақстандық боксшы — Михаилом Коханчикпен (2-0, 2КО) кездеседі.

Елеусінов бұған дейінгі жекпе-жегін 2020 жылдың тамыз айында өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіс мексикалық қарсыласы Хуан Карлос Райгосқа (17-16-3, 6КО) берілді. Спортшылар орта салмақтағы WBC International белдігін сарапқа салған болатын.

Айта кетейік, Михаил Коханчик 2017 жылы Қазақстан чемпионатында өзінің танымал отандасы Жәнібек Әлімханұлын (9-0, 5КО) жеңіп кеткен еді.



Соңғы жаңалықтар