Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокста бесінші рет жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық екінші орташа салмақтағы кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусінов Нью-Йоркте америкалық Бернард Томасқа қарсы жекпе-жек өткізді, деп жазады Sports.kz.

Бірінші раундта Елеусінов қарсыласының оң жақ бүйіріне соққы жасап, тізе бүктірді. Төреші жекпе-жекті тоқтату шешімін қабылдап, қазақстандық спортшы 1 минут 50 секундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл Елеусіновтің кәсіби рингтегі бесінші жеңісі.

Соңғы жаңалықтар