Дәурен Елеусінов кәсіби бокстағы бесінші жекпе-жегін АҚШ-та Рэймонд Тэрримен өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов кәсіби мансабындағы бесінші жекпе-жегін АҚШ-та Рэймонд Тэрриге қарсы өткізеді.

Бұл туралы спортшының ВКонтакте-дегі ресми парақшасында хабарланды.

«Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Дәурен Елеусіновтің келесі қарсыласы белгілі болды. Ол американдық Рэймонд Тэрри. Жекпе-жек 17 ақпанда Нтю-Йорктегі (АҚШ) Манхэттен BBking-те өтеді», - делінген хабарламада.

Профирингте өткізілген төрт жекпе-жектің ішінде Д.Елеусінов төрт рет жеңген, соның ішінде үшеуін нокаутпен аяқтаған. Болашақ қарсыласының есебінде де сонша жекпе-жек бар, соның ішінде екеуінде басым түсіп, екеуінде жеңіліп қалған.

Соңғы жаңалықтар