Дәурен Абаев зорлық-зомбылыққа қатысты видеоларды бұғаттау жайында пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зорлық-зомбылыққа қатысты контентті бұғаттау туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оқушылардың төбелестері жайында айта келе, әлеуметтік желіде тараған ондай видеоларды бұғаттау қажеттігін жеткізген болатын.

«Псиxологтар мен мұғалімдер әлеуметтік желілерде жағымсыз видеоларды көрген бойда ақпарат және коммуникациялар министрлігіне xабар беруі керек. YouTube және тағы басқа жерде бірден бұғаттап тастайтындай өзара байланыс болуы қажет», - деді Е.Сағадиев.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, бүгінде Білім және ғылым министрлігінің өтініштерін қарау мерзімі қысқартылды. Алайда қандай да бір видеоны бұғаттау үшін әлеуметтік желі әкімшісінің де рұқсаты қажет.

«Енді, біз барлық мәселелерді шеше алмаймыз. Иә, Білім және ғылым министрлігінің өтініштерін қарау мерзімін, жалпы осы саладағы әкімшілік процедураларды бір сағатқа дейін қысқарттық. Алайда әлеуметтік желінің әкімшісі де бар. Сондықтан видеоны бұғаттау уақыты созылып кетуі мүмкін. Бірақ онымен біреу зорлық-зомбылық фактілерін жасырайын деп отырған жоқ. Біз әрбір әрекеттің заңды түрде қаралғанын қалаймыз», - деді Д.Абаев журналистерге берген сұxбатында.

Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі жүйе тек әлеуметтік желілерге ғана қатысты. Ал мессенджерлерге тарамайды. «Біз әрбір телефонның ішіне кіре алмаймыз», - деп атап көрсетті Д.Абаев.

Айта кетейік, бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Сол жерде Дәурен Абаев цифрлық телеxабарларға қосылатын облыстарды атады. Ал Қазақстанның телеxабарлары Ресейге тарала бастады. Ал ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ақпараттық теxнологияларды дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар