Дәурен Абаев жастар жылының алғашқы нәтижелері туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Жастар жылы аясында атқарылған жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастар жылын міндетті түрде қорытындылаймыз. Қазірдің өзінде бірқатар нәтижені атап өтуге болады. Мәселен, сатып алу құқығынсыз арендалық пәтерлер санын бір мыңнан үш мыңға дейін арттырамыз. 2021 жылға дейін бұл пәтерлер Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында беріледі», - деп атап өтті министр Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы ел жастары кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп, арнайы гранттар алуда.

«Жас маман» жобасы арқылы еліміздің 20 ЖОО мен 180 колледжі жаңғыртылады. Бұл да кәсіби білікті мамандарды даярлауға септігін тигізеді. «Дипломмен ауылға» жобасында жәрдемақы көлемі 70 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін өсті. Келесі жылды волонтерлерге арнап, еріктілерді ынталандыру жобалары қолға алынады», - деп өз сөзін түйіндеді Д. Абаев.


Бұған дейін министр жала жабуға қарсы заңнама жөнінде Елбасы тапсырмасына пікір білдірген еді.


Соңғы жаңалықтар