Дәурен Абаев үздік әлеуметтік роликті жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев үздік әлеуметтік роликті жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Құрметті достар! "НИЕТ" байқауының жеңімпазы Дмитрий Галабирдің сценарийі бойынша түсірілген әлеуметтік роликті назарларыңызға ұсынамын!", - деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бүгін Астанада "Ниет" байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқаудың негізгі мақсаты - әлеуметтік бейнероликтердің үздік сценарийлерін анықтау. Байқаудың бас жүлдесін алматылық Дмитрий Галабир жеңіп алды. Оған 1 миллион теңге көлемінде сыйақы табысталды. Сондай-ақ, министр үздік әлеуметтік роликте басты рөлді ойнаған Шерxан есімді баланы арнайы сыйлықпен марапаттады. Екінші орынды Қуаныш Омаров иеленді. Оған Apple MacBook табысталды. Ал үшінші орынның иесі - Ринат Тұрғанбеков Canon фотокамерасын ұтып алды. Бұдан бөлек, үздік сценарийлердің төрт авторына арнайы дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Олардың сценарийлері бойынша бейнероликтер әлі түсірілген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар