Дәурен Абаев: Төтенше жағдай – журналистердің құқығын шектеуге сылтау бола алмайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 11 сәуірде Атырау облысында КТК арнасы журналистерінің ұсталғаны туралы хабар тараған болатын. Аталмыш оқиғаға қатысты бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда кеше аймақ әкімдігі журналистердің карантин режимін бұзғаны туралы хабарлама таратқан еді.
«Елде қазіргі уақытта төтенше жағдай енгізілгенін, қатаң карантиндік шаралар қабылданғанын түсінеміз. Бәрі де қызметте. Алайда жергілікті билікті баспасөз жұмысына түсіністікпен қарауға шақырамын. Біздегі ақпарат бойынша журналистер карантиндік шектеулерді әдейі бұзбаған. Төтенше жағдай - журналистердің құқығын шектеуге сылтау бола алмайды. Журналистер қазір қауырт жұмыста, дұрыс ақпарат алу құқығымызды іске асыра отырып, алдыңғы шепте жүр. Ол туралы ұмытпайық», - деді Дәурен Абаев.
- Тоңазытқышта өлген сәби: Атырауда перзентхана дәрігерлеріне сот үкімі шықты
- OTAU TV ұлттық спутник желісінің құрылғанына 10 жыл толды
- 19 қаңтар күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы
- Атырау облысында 71 адамнан коронавирус анықталды
-
Биыл Атырауда 648 отбасы жаңа пәтер алады
-
Атырау облысында жел электр стансасы салына бастады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам