Дәурен Абаев Тобыл өзенін қоқыстан тазарту акциясына қатысты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы Қазақстан-Ресей жастарының форумы барысында өткізілген сенбілікке ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бұған дейін 14-16 мамыр күндері Қостанай облысы мен Қорған өңірінің еріктілері Тобыл өзенінің жағасын тазалады. «ECO-challenge Qostanai» акциясына Қамысты, Жітіқара, Таран, Денисов, Қостанай аудандары мен Рудный, Лисаков қалаларының жастары атсалысқан болатын. Аталмыш акция бүгін де жалғасын тапты. Бұл шараға Дәурен Абаев қатысты. Сенбілікке қатысқан топ Тобыл өзенінің жағалауын тазартты.

«Қазақстанда 48 өзен болса, олардың тек екеуі санитарлық нормаларға сай келеді. Міне, бүгінгі акция аясында олардың саны үшке көбейді. Тобыл өзені Ресей мен Қазақстанды байланыстырып тұр. Таза су - таза өмірдің кепілі іспетті. Сол себепті барлығыңызды осы сенбілікке қатысуға шақырамын», - деді министр.

Еске салсақ, бүгін Қостанайда өтіп жатқан Қазақстан-Ресей жастарының форумында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев сөз сөйледі.

null

Соңғы жаңалықтар