+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Дәурен Абаев СҚО-да табылған көне мазар туралы айтты

2019 жылғы 3 қазан 22:05
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев СҚО-да табылған көне мазар туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Солтүстік Қазақстан облысында табылған көне мазар орны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бердібек Сапарбаев Алтын Орданың 750 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысуда Моңғолия Халықаралық Түркі академиясына бақылаушы болу ұсынысын қарастырады Қазақстан Алтын орданы жекешелендіріп алуды ойлап отырған жоқ - тарихшы

«Мемлекет басшысы Алтын Орданың 750 жылдығын тойлау туралы тапсырма берген еді. Кеше ғана Солтүстік Қазақстанда зерттеу жүргізіп жатқан археологтардан қуанышты хабар жетті. Олар Алтын Орда дәуіріне жататын көне нысан тапты. Әзірге мазар немесе кесене деген болжам айтылуда. Бұл орында қалашық болды деп айтуға негіз бар. Өйткені, арық жүйесінің, суландыру жолдарының қалдығы табылған. Бұл Алтын Орда мерейтойын тойлау қарсаңындағы жағымды жаңалық», - деді Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Айта кетейік, 2 қазанда археологтар Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында тарихи маңызы бар көне мазарлардың орнын тапты.

Бұл жерде қыркүйек айынан бері М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің тарихшылары қазба жұмыстарын жүргізген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT