+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Дәурен Абаев шетелде тіркелген көліктерге қатысты пікір білдірді

2020 жылғы 16 қаңтар 22:42
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев шетелде тіркелген көліктерге қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өзге елде тіркелген автокөліктерге тыйым салуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау тұрғыны жол ережесін 65 мәрте бұзған Қарағанды полицейлері шетелдік нөмірмен жүрген көлік иелерінің сұрақтарына жауап берді Шетелдік көлікті тіркеу: Бір күнде 800-ге жуық қоңырау соғылды

«Бұл шараларда қосарланған стандарт жоқ. Адамдар шетелде тіркелген автокөлікті сатып алғанда есепке қою, баж және салық төлеу керектігін жақсы білді. Бірақ, соған қарамастан саналы түрде сырттан көлік әкеліп, оны тіркеуге қоймады. Мұнда автокөліктің қаупі жоғары мүлік екенін, оның иесі болуы керектігін түсінген жөн. Енді тіркелмеген көлік иелері жол ережесін бұзып, апат орнынан қашып, еш жазаға ілінбейтіндерін білді. Осындай жүргізушілердің кесірінен ІІМ дерегі бойынша, 132 адам көз жұмды», - деді министр Хабар арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Оның айтуынша, көптеген көліктерге тыйым салынған, ұрланған немесе кепілде тұр. Егер олардың иелеріне сот приставы келсе, бұл мүлік заңды түрде алынады.

«Және ең қызығы, осы көліктердің қазақстандық иелері мемлекеттен әділдікті талап етіп, наразылық білдіреді. Олар салық пен айыппұлдан жалтарады. Елімізде шетелдік тіркеуі бар 200 мың машина бар. Олар біздің жолымызда жүреді, ауамызды ластайды, бірақ олар үшін өзіміздің заңды сақтайтын азаматтарымыз ақы төлейді», - деді Д. Абаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT