+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Дәурен Абаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа жобалары туралы айтты

2020 жылғы 5 ақпан 13:50
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа жобалары туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа жобаларын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Министр журналистердің карантиндегі жұмыс тәртібін түсіндірді Үкімет алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетке нақтылау енгізеді Украинада қалып қойған қазақстандықтар елге қалай қайтарылады

«Осы жылдың 20 қаңтарында министрлік Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторларымен бағдарламаны жергілікті деңгейде жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Мемлекеттік инспекторларға жергілікті деңгейде бағдарламаның жүзеге асырылуын қадағалау мақсатында әр өңір бойынша әдістемелік материалдар ұсынылды. Сонымен бірге құжат айналымдарын азайту үшін өңірлердің есебін өзіңіздің алдыңызда тоқсан сайын тыңдауды ұсынамыз», - деді Дәурен Абаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Ақордада өткен ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысында .

Министр атап өткендей, аймақтарда осылайша жоспардың орындалғанына жедел мониторинг жүргізіп отыруға болады.

«Алдағы жылда мемлекеттік тапсырыс аясында жаңа жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін дәстүрлі музыканы насихаттау бойынша жобалар, кәсіпкерлік сала мен ұлттық өнер түрлері бойынша, әлемдегі жаңа технологиялар тұрғысында, сонымен бірге балаларға арналған анимациялық жобалар баршылық. Дәстүрлі музыка мен күйлердің, Абай Құнанбайұлының шығармалары мен қазақстандық авторлардың 100 жаңа оқулығын алға жылжыту бойынша аудиоподкасттар әзірленеді», - деді Дәурен Абаев.

Айта кетсек , оның алдында министр «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2020 жылға арналған жаңа жоспарын таныстырған болатын.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT