Дәурен Абаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүйелі дамыту стратегиясын жасауды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ары қарай жүйелі дамытудың нақты стратегиясын жасау қажет.

Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алқа отырысы барысында министр «Рухани жаңғыру» бағытында биыл атқарылуы тиісті жұмыстарға тоқталып өтті.

«Бірінші - «Рухани жаңғыру» амбассадорлары» жобасын жүзеге асыру. Екінші - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың тиімділігі» тақырыбында сараптамалық баяндама жасау және шығару«, - деді ол.

Оның атап өтуінше, үшіншіден, Қазақстанның киелі жерлерінің танымалдығын арттыру мақсатында оларды 2ГИС карта-қосымшасына қосу бойынша жұмысты жалғастырылады. Бүгінде осы картаға еліміздің 130-ға жуық нысаны кірді.

«Вице-министр Ғабидулла Оспанқұловқа биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ары қарай жүйелі дамытудың нақты стратегиясын жасауды және оны жүзеге асыруға кірісуді тапсырамын», - деді Дәурен Абаев.


Соңғы жаңалықтар