+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Дәурен Абаев Qazaq Kúresi ұлттық федерациясының президенті болып сайланды

2019 жылғы 5 қазан 13:18
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев Qazaq Kúresi ұлттық федерациясының президенті болып сайланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Qazaq kuresi ұлттық федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан Олимпиаданың медальдар кестесінде нешінші орында тұр Олимпиадада коронавирус жұқтырғандар арасында қазақстандықтар бар ма – Комитет жауабы Эльмира Сыздықоваға Токио Олимпиадасында психологиялық көмек көрсетілді ме

«Бүгін менің Qazaq kuresi федерациясына басшы болып келгеніме 6 жыл толып отыр. Біздің кезекті есеп беру конференциямызда Дәурен Әскербекұлы Абаев Qazaq kuresi Ұлттық федерациясының президенті болып сайланды. Дәурен Абаев ақпарат және қоғамдық даму министрі бола отырып, ал оған дейін Елбасы баспасөз қызметінде жұмыс істей жүріп біздің жобаларымызды іске асыруға көп көмегі тиген», - деді федерацияның бұрынғы басшысы Арман Шораев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол жаңа басшының қоластында Qazaq kuresi ұлттық федерациясы өркендей беретініне сенім білдірді.

«Ол федерация басшысы болғаннан кейін қазақ күресінің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашылды деп ойлаймын. «Қазақстан Барысы» мен «Еуразия Барысы» - журналистер ойлап тауып, жоғары деңгейге көтерген жобалар деп жиі айтамын. Енді Дәурен Абаевтың арқасында Qazaq kuresi одан әрі дами береді», - деп түйді Арман Шораев.

Авторы: Азамат Сыздықбаев

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT