+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Дәурен Абаев Президенттің қызметтен кететіні туралы әңгімелерге пікір білдірді

2020 жылғы 19 наурыз 21:36
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев Президенттің қызметтен кететіні туралы әңгімелерге пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ҚР Президенті қызметінен кететіні туралы әлеуметтік желідегі әңгімелерге қатысты айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Президент коронавирусқа қатысты ахуалды жақсартуға Үкіметке екі апта берді ҚР Президенті экономикалық өсімді қалпына келтіруге «Астана» ХҚО-ны жұмылдыруды тапсырды Мемлекет басшысы ауылдарды интернетпен қамту туралы Заңға қол қойды

«2019 жылдың 19 наурызы шын мәнінде тарихи күнге айналды. Бұл күн біздің елімізді өзгертті, тарихымыздағы жаңа меже басталды. Әрине, бұл шешім барлығымыз үшін тосыннан келді. Меніңше, Елбасының бұл шешімінің тереңдігі мен даналығын біраз жылдардан кейін ғана сезінетін боламыз. Ал нақты бағасын біздің балаларымыз, тіпті немерелеріміз беруі мүмкін», - деді министр «Хабар» телеарнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Сонымен бірге, Д. Абаев билік транзитінің бір жылдығы аясында «Президенттің өз қызметінен кететіні» туралы қаңқу сөздерге пікір білдірді.

«Шынымды айтсам, мұндай «ас үйдің әңгімесіне» пікір білдірудің өзі ыңғайсыз. Бірақ, бұл тақырыптың тарап кеткені соншалықты, құрметті сарапшылар мен журналистерден бастап, емдеуде жатқан нашақорларға дейін талқылап жүр. Жай ғана қажетті, нақты мәселелерге көңіл бөлейік дегім келеді. Бәлкім, біздің назарымызды өзекті мәселелерден бұрғысы келетіндер бар шығар», - деді ол.

Министрдің айтуынша, барлық фейк-ақпараттарға құзырлы органдар өздерінің құқықтық бағасын береді.

«Қазір маңызды мәселелерге көңіл бөлуіміз қажет. Біздің заңды түрде сайланған, халықтың сенімі мен Елбасының қолдауына қол жеткізген Президентіміз бар», - деді Дәурен Абаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT