+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Дәурен Абаев: Президенттің Қытайға сапарының бағдарламасы өте мазмұнды болды

2019 жылғы 12 қыркүйек 21:24
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев: Президенттің Қытайға сапарының бағдарламасы өте мазмұнды болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапарына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапарының үш ерекшелігі аталды Қазақстан Қытай арқылы жылына 2 млн тонна көмір экспорттайды Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапарында Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына араша түсті

«Мемлекет басшысының Қытайға сапарының бағдарламасы өте мазмұнды болды. Іскерлік ортамен келіссөздер жүргізіліп, әртүрлі алаңда сөз сөйленді, ең жоғарғы деңгейдегі екіжақты маңызды кездесулер өтті. Бұл сапардың нәтижесі – ең батыл болжамдардан асып түсті», - деді Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министрдің айтуынша, келіссөздер кезінде қос тарап «Елбасы негізін қалап кеткен қарым-қатынасты сақтауға» маңыз берілді.

«Жүргізілген келіссөздер барысында менің білуімше, көптеген келісімдерге қол жеткізілді. Ынтымақтастықтың барлық маңызды салалары - көлік, логистика, ауыл шаруашылығы бәрі қамтылды. Қасым-Жомарт Кемелұлының Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуі жылы әрі достық сипатта өтті», - деді ол.

Бағдарлама жүргізушісі әлеуметтік желіде Президенттің қазақ тілімен бірге қытай тілінде сөйлеуіне қатысты айтылып жатқанын тілге тиек етті. Бұған келгенде Дәурен Абаев Қазақстан Президентінің қытай тілін білгеніне мақтануымыз керек деген пікір білдірді.

«Кез келген тілді, әсіресе қытай тілін білу – көп жылдар бойғы табанды еңбектің нәтижесі. Президенттің Трамппен, Путинмен, Макронмен, Си Цзиньпинмен аудармашысыз сөйлейтінін қазақстандықтар өте жылы қабылдайтынын анық білемін. Бұл сөзсіз, қосымша дипломатиялық салмақ беріп, біздің саясаттың интеллектуалдық, прогрессивті жағын көрсетеді», - деді Дәурен Абаев.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасында 2 күндік мемлекеттік сапармен жүр. Қ. Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер өткізді. ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен, ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті.

Сондай-ақ Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-шы отырысына қатысты.

Ал Ханчжоуға сапары аясында инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы «Hikvision» компаниясының жұмысымен танысты. Ханчжоу қаласының мәдени нысандарын аралады. Одан кейін Қытай Компартиясының Чжецзян провинциясындағы хатшысы Чэ Цзюньмен жүздесті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT