Дәурен Абаев: Президенттің күн тәртібі қоғамның шынайы сұранысына жауап береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көтерген бастамалары мен ұсыныстары күмәншілердің сөзін жоққа шығарып отыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев кеңес отырысы жайлы осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының Ұлттық кеңесте сөйлеген сөзінің ешкімді бей-жай қалдырмағаны қуантады. Әлбетте, күмәншілдер жаңа аргументтерді тауып, кеңесті пайдасыз етіп көрсеткісі келеді. Алайда Президенттің мәлімдемесі олардың сөзін жоққа шығарып отыр. Президенттің күн тәртібі қоғамның шынайы сұранысына жауап бере алады. Сол себепті, ұсыныстар азаматтардың қолдауына ие болуда», - деді Дәурен Абаев Хабар арнасынан көрсетілген «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министр партия құруда кедергілерді төмендету, митингті ұйымдастыруда ескертпе қағидаттарды енгізу, парламенттік оппозиция институты туралы айтылғанын еске салды.

«Бәлкім, тапсырмалардың саяси-экономикалық бөлігі де көрінбей қалуы мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы жерлеріне ғарыштан мониторинг жасау арқылы ғарыштан түсірілген суреттер арқылы пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтауға болады. Тиісті жұмыс жүргізіліп, жылдар бойы жатқан ол аумақтар шынайы еңбекқорларға тапсырылады деген ойдамын. Сол секілді, шетелдік жұмысшыларға берілетін квоталарды қысқарту мәселесі кеңінен талқыланғалы жатыр. Осының бәрі де қазақстандық жұмысшыларды дискриминациялауды шектейді. Ал дискриминация – әлеуметтік дүмпуге себеп болып келген еді», - деді ол.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар