+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Дәурен Абаев Президент тапсырмасы жайында: 800-ден астам түрлі шараны алып тастадық

2020 жылғы 27 қаңтар 14:38
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев Президент тапсырмасы жайында: 800-ден астам түрлі шараны алып тастадық

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай биыл өтуі тиісті 800-ден астам шараның қысқарғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған әдеби музыкалық шара өтті Қарағандылық әскерилер #Аbai175 челленджін қолдады Дәурен Абаев бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының басымдықтары жөнінде айтып берді

«Біз Абайдың 175 жылдығын, ел Тәуелсіздігі күнін атап өтеміз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аталған форумдардың ішкі мазмұны жайында айтқан болатын. Ал бұл басқа мәселе. Тәуелсіздік күнінің 30 жылдығы аясында түрлі мерзімдері бар ұсыныстарды жинақтап жатырмыз. Сіздер алдын ала жұмыстарды байқамайсыздар. Бұл жоспар қазіргі уақытта 89-90 тармақтан тұрады, ал бастапқыда 900 тармақ болатын. Біз 800-ден астам түрлі шараны алып тастадық. Бұл жұмыстардың барлығын жүргіздік, форумдар мен семинарлар айтарлықтай қысқарды», - деді Дәурен Абаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар министр ақпан айында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған тұжырымдама мен іс-шаралар жоспарын бекіту жоспарланып отырғандығын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT