+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Дәурен Абаев Pegasus шпион бағдарламасы төңірегіндегі шуға қатысты пікір білдірді

2021 жылғы 22 шілде 23:56
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев Pegasus шпион бағдарламасы төңірегіндегі шуға қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Pegasus бағдарламасының төңірегіндегі шуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) Pegasus тыңшылық бағдарламасы арқылы телефоны тыңдалған адамдардың тізімін жариялаған болатын.

«Ашық диалог» сұхбатында Дәурен Абаевқа аталған бағдарлама арқылы Қазақстан басшылары мен журналистерінің байланыс құралдары да тыңдалғаны туралы жаңалыққа қатысты сауал қойылды.

«Нақты анық емес дүние туралы пікір айтудың өзі қиын. Бізге қандай да бір дәлелі жоқ, айтарлықтай дүрліктіретін ақпарат берілді және соған жай ғана сенуді ұсынып отыр. Былайша айтқанда, ол тізімге кімді болса да қосып, ел ішінде, элитаның, журналистердің және басқалардың арасына күмәннің дәнін себуге болады. Маған бұл мәселеде ақылға қонымды скептицизм ұстану дұрыс сияқты. Әзірге басқа айтарым жоқ», - деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары антиваксерлерге қатысты пікір білдірді.

Дәурен Абаев антиваксерлердің азаймай тұруына ақпарат дәуірінде конспирологиялық теориялардың көбейіп кеткені әсер етіп отырғанын айтады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT