Дәурен Абаев: Өркендеудің жалғыз кепілі – татулық пен бірліктің де түп негізі ризашылықта

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймын!

Бұл – көктемнің алғашқы күнімен қатар келетін ықылас пен мейірімге, үміт пен жылулыққа толы мереке.

Көңілден биік, көңілден нәзік дүние бар деп санамаған бабаларымыз «Қарғыс алма, алғыс ал» деген қағиданы берік ұстанған, қилы заманда тағдыр табыстырған өзге де халық өкілдерін бауырына басып, кеңдік танытқан, біздерге де осы мәрт мінездерді мирас еткен. Даму мен өркендеудің жалғыз кепілі – татулық пен бірліктің де түп негізі ризашылықта екені даусыз. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы осы мерекеде өткенге салауат, замандастарына алғыс айтқаны жөн деп санаймын.

Өз кезегімде, бүгінгі баянды күнге жетуімізге қызмет қылған және ел ертеңі үшін еңбек етіп жатқан жандарға зор алғыс айтамын!», деп жазды Дәурен Абаев Facebook -тегі парақшасында .


Соңғы жаңалықтар