Дәурен Абаев өңірлер цифрлық хабар таратуға қашан көшетінін жария етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өңірлер қашан цифрлық хабар таратуға көшетінін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халық көздегіні ғана емес, көңілдегіні де көреді», - деген сөз бар. Сондықтан цифрлық хабар таратуға көшу халықтың игілігі үшін жасалады. Тағы бір артықшылық - цифрлық хабар таратуға көшкен жағдайда радиожиіліктер де босайды. Осылайша босаған жиіліктерді біз байланыс саласындағы жаңа технологияларды дамытуға пайдалану мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Ол үшін байланыс операторларымен жан-жақты жұмыс жүргіземіз», - деді министр.

Оның айтуынша, өткен жылы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Телерадио хабарларын тарату» Заңына өзгерістер енгізді. Осылайша олардың инфрақұрылымдарының дайындығына сай аймақтарды кезең-кезеңімен көшіруге жол ашты. 

«Маңғыстау, Жамбыл мен Түркістан облыстары және Шымкент қаласы - 2018 жылдың аяғына дейін, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары - 2019 жылы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстары - 2020 жылға дейін, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстары, Астана және Алматы қалалары - 2021 жылы кезең-кезеңімен жаңа форматқа ауысады», - деді Дәурен Абаев.

Соңғы жаңалықтар