Дәурен Абаев ОАР-дағы ITU Telecom World 2018 форумына қатысуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында халықаралық телекоммуникациялар одағының форумы өтіп жатыр. Оған Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысуда,  деп хабарлайды "Хабар 24".

null
Форум аясында Абаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының іске асуымен бөлісті. Сондай-ақ шара барысында министр шетелдік әріптестермен кездесіп, үкіметтік деңгейде сандық технологияларды дамыту және қауіп-қатерлерден сақтану жолдарын талқылады.

Айта кеткен жөн, форум үкіметтік органдар, корпорациялар мен жоғары технологиялар өндіруші компаниялардың өзара іс-қимылын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған.

Шара аясында сандық технологиялардың көрмесі өтеді. 

null null 

Соңғы жаңалықтар