Дәурен Абаев: Мықты журналист болу үшін не керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жастарға әрі журналистикаға байланысты бастамаларды қолдауға әзір. Бұл туралы бүгін «Jas qalam» форумының ашылуында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы өзінің биылғы Жолдауында: «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастару керек. Келесі жылы «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын» деген болатын. Осыған қарай болашағын қаламмен байланыстырып, медиа саласына арнауға бел буған Сіздер үшін де көптеген мүмкіндіктерге жол ашылары сөзсіз», - деді министр.

Осы ретте Дәурен Абаев қаламның иесі болу, мықты журналистке айналу айтуға ғана оңай шаруа екендігін баса айтты.

«Ол үшін көп ізденіс, тәжірибе қажет. Сондықтан бүгінгі форум маңызды Сіздерге берері көп болмақ. Осындай пікір алмасу алаңдары қанаттарыңызды қатайтады, талаптарыңызды шыңдайды. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жастарға әрі журналистикаға байланысты бастамаларды қолдауға әзір»,- деді ол.

Форумның ашылуында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Тұңғыш Президенті қорының директоры Дариға Назарбаева қазіргі таңда журналистика көп қызығушылық танытылатын мамандықтардың бірі екендігін атап өткен еді.

Айта кетейік, қазақстандық журналистиканы дамытуға жас журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған кең ауқымды «Jas qalam» жобасына 100-ден астам журналист қатысуда. Олардың қатарында журналистермен қатар журналистика факультетінің студенттері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына қызығушылық танытатын жастар да бар.

Соңғы жаңалықтар