Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.05 EUR 432.79
RUB 5.96 CNY 55.46
Jańalyqtar

Дәурен Абаев митинг туралы: Қорқатындай ештеңе болған жоқ

2019 жылғы 13 маусым 21:47 551
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев митинг туралы: Қорқатындай ештеңе болған жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алматы мен Нұр-Сұлтан көшелерінде болған митингтерді қалыпты жағдай деп атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Байқаушылар Президент сайлауына өлшеусіз үлес қосты - Дәурен Абаев ҚР ОСК Президент сайлауының түпкілікті қорытындысын шығарды

«Хабар арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында Дәурен Абаев елдегі шерулерді қалыптан тыс ерекше жағдай деп қарамауға шақырды.

«Бүгін ғана бас прокуратура мен ішкі істер министрлігі сайлау қарсаңындағы жағдайларға қатысты толық мәлімет берді. Алайда мен мынадай мәселе туралы айтқым келеді. Біз бәріміз сайлау деген қоғамның барлық қатпарының саяси белсенділігін көрсететін катализатор екенін түсінуіміз керек. Президентті таңдау арқылы адамдар өз болашағын таңдайды. Сондықтан да олар сайлау нәтижесіне бей-жай қарай алмайды. Осы энергия көбінесе дауыс беру нәтижесі жарияланғаннан кейін  эмоциялар туғызып, пикеттер мен шеруге ұласып жатады», -деген министр мұндай жайттар әлемнің басқа да елдерінде жиі болатынын атады.

«Ресейде де, Францияда да, Түркияда да, АҚШ-та, Латын Америкасы  елдерінде де ондаған мың адам көшеге шығып, полициямен қақтығысып жатады. Кейбір елдерде оның соңы тіпті қиратуларға дейін жетеді. Сондықтан, Нұр-Сұлтан мен Алматы көшелерінде бірнеше жүз адамның қатысуымен болған демонстрацияларды қалыптан тыс тосын дүние деп қарастырмау керек. Бұл қалыпты жағдай. Қорқатындай ештеңе болған жоқ», - деді ол.

 

 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT