Дәурен Абаев мереке күніндегі заңсыз акцияларға пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мереке күндері болған наразылық акцияларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 6 шілдеде болған оқиға - нағыз арандату. Арандатушылар әдейі мерекелік күн мен халық көп жиналатын орынды таңдайды», - деді Дәурен Абаев Хабар арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министрдің айтуынша, қатысушылар ең алдымен жолды бөгеп, кептеліс жасауға тырысты.

«Яғни, олардың әрекеті азаматтық ұстанымын білдіруге емес, дүрбелең жасауға, полицияны арандатуға бағытталды. Егер акция бейбіт болса, қатысушылар неліктен түтіндету құтысы мен респиратор әкелді? Олардың түпкілікті мақсаты - көшедегі қақтығысты көбейтіп, зардап шеккендер мен ұсталғандардың санын көбейту. Оларға диалог керек емес», - деді министр.

Еске салсақ, 6 шілде күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда заңсыз шеру өткізуге әрекет жасалғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар