+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Дәурен Абаев ҚР Президенттігіне кандидаттар туралы ойын білдірді

2019 жылғы 2 мамыр 23:48
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев ҚР Президенттігіне кандидаттар туралы ойын білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы жылдың 9 маусымында өтетін президент сайлауы алдында халық кандидаттардан адал әрі ымырасыз, конструктивті күрес күтіп отыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің сөздерім үгіт-насихат ретінде қабылданбас үшін кандидаттарға қандай да бір баға бермей-ақ қояйын. Бірақ, жалпы айтар болсам, ұсынылған тұлғалар әртүрлі топтар мен мүдделердің өкілі. Жастары да әртүрлі. Әйел кандидат бірінші рет ұсынылып отыр. Олардың жариялаған мәлімдемелеріне құлақ ассақ, елдің дамуына қатысты көзқарастарының да әртүрлі екенін аңғаруға болады. Менің ойымша, жақынарада үгіт-насихат кампаниялары белсенді сипатқа ие болады. Көппен бірге мен де әрбір саясаткердің қандай күн тәртібімен шығатынын қызыға күтіп отырмын», - деді Дәурен Абаев.

Министр өз сөзінде барша халық кандидаттардан сайлау алдында адал әрі конструктивті, ымырасыз күрес күтетінін атап өтті.

«Мемлекеттік органдар, жалпы билік - алдағы сайлаудың ашықтығы мен легитимдігіне мүдделі болып отыр», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT