Дәурен Абаев коронавирус туралы: Даурығуға негіз жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында коронавирусқа қатысты даурығуға негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қытайдан келген азаматтарды, соның ішінде суық тиюге қатысты ауру белгілері бар науқастар ауруханаға жатқызылуда. Бұл - суық тию немесе маусымдық тұмау болуы мүмкін. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл адамдарды ауруханаға профилактикалық мақсатта жатқызуда», - деді Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министр даурығуға еш негіз жоқ екенін айтты.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі біздің әуежайлар мен вокзалдарлағы санитарлық пунктерде тәулік бойы бақылау жүргізуде. Еліміздің барлық аймағында осыған қатысты оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Барлық қызмет түрлері күшейтілген режімде жұмыс істеуде. Үкімет бұл вирустың біздің елде таралмауы үшін қосымша шаралар ұйымдастырып жатыр. Бұл экономикаға нұқсан келтіреді, бірақ ұлт қауіпсіздігі одан маңыздырақ. Бұл жағдай Президенттің тікелей бақылауында», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар