+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Дәурен Абаев Қордай оқиғасына қатысты пікірталас туралы: Бұл - қалыпты үрдіс

2020 жылғы 13 ақпан 21:52
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев Қордай оқиғасына қатысты пікірталас туралы: Бұл - қалыпты үрдіс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында «Қордайдағы оқиға қоғамды екіге бөліп жіберді ме?» деген сұраққа да жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асхат Аймағамбетов ЖОО оқытушыларының айлығын арттыру жолдарын атады Дәурен Абаев бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының басымдықтары жөнінде айтып берді Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы 8-ші баладан бастап сараланады

«Қоғам екіге жарылып кетті деу – артықтау. Иә, адамдар сөз таластырады, себебі әркімнің өз ойы бар. Бұл – қалыпты үрдіс. Бірақ қоғамда әртүрлі мәселеге қатысты пікірталас жүріп жататынын түсіну керек. Бірақ барлық эмоция мен көңіл толқынысын қоя тұрсақ, Қазақстан азаматтарының көбі мынадай қағидатты қолдайтын сияқты: бірінші, кезекте біздің елде бәрі де бейбітшілік пен келісімнің болғанын қалайды. Екіншіден, болған оқиғаның шынайы себебін білгісі әрі оны реттегісі келеді. Үшіншіден, адамдар қақтығысқа кінәлілердің анықталғанын жөн деп біледі. Төртіншіден, адамдар мұндай оқиғаның енді қайталанғанын қаламайды. Бұл – ең басты мәселе», - деді министр.

Дәурен Абаев пікірталастардың шұғыл мәлімдемелерге ұласып кетуі мүмкін екенін айтып өтті.

«Бәлкім, бұрын айтқанымыздай бізде белгілі бір дәрежеде ашық пікір таластыру да дамымай тұрған болар. Адамдар эмоциямен бір-бірін жәбірлеуге дейін барады. Кей жағдайда кез келген мәселеге байланысты, кез келген саланың маманы ретінде пікір білдіріп отырған «сарапшылардың» да отқа май құйып отыратыны бар. Әркім өз сөзін айтып қалғысы келеді. Өкінішке қарай, кейбіреу тіпті ашықтан-ашық «хайп ұстағысы» келеді. Бұған қарсы шара қолдану мүмкін емес секілді. Сөз еркіндігі - осы болар», - деді Дәурен Абаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT