Дәурен Абаев: Кедейлік – үкім де, таңдау да емес

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог» сұхбатында Әлеуметтік кодекс қабылдау елге не беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз – әлеуметтік мемлекетпіз. Мұны Президент үнемі айтып жүр. Бірақ таяқтың екінші ұшында әділдік мәселесі, қайырымдылық қаиғидаты емес, әділдік қағидаты тұр. Мемлекет пен азаматтардың «ымыралы жауапкершілігі» деген принцип енгізіліп жатыр. Мысалы, ұлт саулығы мәселесінде мемлекет медицналық қызметтердің қолжетімді экожүйесін дамытуда. Ал азаматтар өз денсаулығына көбірек жауапкершілікпен қарауы керек. Батыс елдерінде медициналық сақтандыру құны спортпен айналысатын адамдар үшін әлдеқайда арзан. Донорлық органдар кезегінде де олар басымдыққа ие тізімге кіреді», - деді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар ол әлеуметтік жәредамақылардың мөлшерін көтерудің түбі жаппай масылдыққа ұрындыруы мүмкін екенін еске салды.

«Тағы бір мәселе, әлеуметтік жәрдемақыны табыс ретінде қабылдауды қою керек. Бұл бір кезеңде жіберіп алған табыстың орнын басатын уақытша өтем ғана. Бізде әлеуметтік қолдау саласын сынаушылар көп. Оларға салсаңыз, төлемдердің мөлшерін арттыру керек. Келісем. Бірақ, бір жағынан төлемдердің мөлшері көтерген бойда адамдардың еңбек етуге деген құлшынысы азаяды. Жәрдемақы табыспен бірге өсіп отыруы керек. Бір жағынан бұл жағымсыз қисын шығар, бірақ шындық осы. Бізге кедейлік туралы көзқарасты өзгерут қажет. Кедейлік – үкім де, таңдау да емес. Бұл – өмірдегі күрделі кезең. Адамға қиын кезеңдерде тыныс алатын мүмкіндік керек. Мемлекет осы тұрғыда қолдау көрсетуге міндетті болады», - деді Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары.


Соңғы жаңалықтар