Дәурен Абаев Қазақстанда ревакцинация процесінің басты қағидаттарын атап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев елімізде қайта вакцинациялау мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы жағдайды бақылауында ұстап отыр. Ревакцинация — күн тәртібіндегі маңызды сұрақтардың бірі. Оны бастау уақыттың еншісіне тиесілі болды. Айғақ ретінде елден бұрын бастаған Израильдің ревакцинациялау тәжірибесін алсақ. Айтпақшы, статистикаға сүйенсек, ол елде қайта вакцина алғандар ішінде коронавирусқа шалдыққандар ауруды 20 есеге дейін жеңіл өткерген. Осы орайда Денсаулық министрлігінің алдында халықаралық тәжірибе мен ДДҰ-ның ұсынымына сүйене отырып ревакцинациялаудың нақты алгоритмін жасау міндеті тұр. Ең басты сұрақ адам иммунының қайта қалыптасу мерзімін анықтау. Екінші мәселе қандай вакцина егіледі. Және үшінші мәселе «Ashyq» жүйесі қалай жұмыс істейтін болады. Яғни «жасыл» мәртебесі қайта қарала ма деген секілді», - деді Дәурен Абаев «Хабар» телеарнасында өткен «Ашық диалог» 2.0 (Открытый диалог 2.0) сұхбатының кезекті санында.

Бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев еліміздегі моноқалалардың тағдырына қатысты өз пікірін білдірген еді.


Соңғы жаңалықтар