Дәурен Абаев: ҚазАқпараттың 100 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде өткізу керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Үміт» байқауының жеңімпаздары мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарына жұмысқа алынады. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында радио хабарларды дамытуға ерекше назар аударды. Вице-министр Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызына осы жылы Радио хабарларын таратуды дамытудың Жол картасын жасауды және бекітуді, сонымен қатар, цифрлық радионы енгізудің концептуалдық тәсілдерін анықтауды тапсырамын. Ендігі кезекте, саланың негізгі шараларына тоқталсам. Бірінші, 2020 жылы Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарын цифрлық хабар таратуға көшіру қажет. Екінші - жас журналистер мен студенттер арасында «Үміт» байқауын ұйымдастыру. Жеңімпаздар мемлекеттік БАҚ-тарда жұмысқа алынады«, - деді ол.

Министр үшіншіден, «Үркер», «Тұмар» премияларын және «Astana Media Week» медиа-форумын ұйымдастыру қажеттігін айтты.

«Төртінші, былтыр «Егемен Қазақстан» газеті 100 жылдық мерейтойын өткізді. Биыл «Казахстанская правда» газеті мен «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігіне 100 жыл толады. Осы мерейтойларды да жоғары деңгейде өткізу керек. Бірақ, бір ескеретін дүние Мемлекет басшысы айтқандай, мерейтойларда ағартушылық бағыттағы шараларға басымдық беру қажет. Мақсат той емес, тағылым болуы тиіс. Бесінші - «Қазмедиа орталығының» технологиялық ядросын жаңғырту«, - деді Дәурен Абаев.


Соңғы жаңалықтар