Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 16 °С
Алматы: 12 °С
USD 326.00 EUR 382.20
RUB 5.29 CNY 51.05
Жаңалықтар

Дәурен Абаев халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бағыттарын айтты

2018 жылғы 17 сәуір 12:02 1025
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру  бағыттарын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халықтың цифрлық сауаттылығына байланысты белгіленген екі бағытты атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі Үкімет отырысында баяндама жасаған министрдің айтуынша, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша екі бағыт белгіленген.

«Біріншісі - орталық мемлекеттік органдар халық пен кәсіби кадрларға осы сала бойынша жан-жақты білім береді. Ал екінші бағыт бойынша ел тұрғындарын жергілікті атқарушы органдар оқытатын болады», - деді Дәурен Абаев.

Бірінші бағыттың аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы министрліктері жауапты мемлекеттік органдар ретінде қатысады. Аталған мемлекеттік органдар цифрлық сауаттылыққа байланысты қосымша білім беруге атсалысады.

«Мәселен, Ұлттық экономика министрлігі «Бизнесті жүргізу» атты кәсіпкерлерді ауқымды оқыту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Демек, осы оқыту бағдарламасына цифрлық саланы қосу жоспарланған.  Осыған ұқсас тәсілді педагог кадрлар мен тағы басқа мамандардың біліктілігін арттыру кезінде пайдалану көзделген. Оқытуға жоспарланған кәсіби мамандардың саны - 385 мың адам. Сонымен қатар, 8 миллион азаматты мемлекеттік электрондық қызмет алуға және онлайн-сауда жүйесін игеру бойынша базалық білімге үйрету көзделген. Бұл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Қазпошта» АҚ базасында жүзеге асырылады», - деді Дәурен Абаев.

Министрдің баяндамасына сәйкес, қазіргі таңда ел тұрғындарының цифрлық сауаттылығының базалық деңгейі 77 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 78,5 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат