Дәурен Абаев халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру қалай жүріп жатқанын айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында осы уақытқа дейін қолға алынған жобалардан басқа 2018 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде цифрлық сауаттылық бойынша курстар басталып кетті. Министрлік «Электронды үкімет» пен «Электронды мемлекеттік қызметтер» курстары бойынша оқу бағдарламасын дайындады. Соның көмегімен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру көзделіп отыр», - дейді министр Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің халыққа есеп беру қорытындысы бойынша ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Дәурен Абаевтың айтуынша, 2018 жылдың маусымы мен тамыз айлары ішінде «Қазпошта», «Зерде» және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып, 500 мыңға жуық азаматқа цифрлық сауаттылық үйретілетін болады.

«Оқу келесі дағдылар бойынша жүргізіледі: біріншіден, базалық цифрлық дағдылар. Онда персоналды компьютерді және ноутбукты сенімді түрде қолдану жолы қамтылған. Екіншіден, «Электронды үкімет» порталын қолдану үйретілетін болады. Үшіншісі - «Ашық үкіметті» қолдану. Онда «Ашық үкіметтің» төрт компоненті - ашық мәліметтер, ашық нормативті-құқықтық құжаттар, ашық диалог және ашық бюджет қамтылады. Төртіншіден, электронды сауда. Бұл бөлім - тауарларды сату және алу, онлайн-сатып алуды меңгеруді қамтиды. Жалпы, цифрлық сауаттылыққа 8 миллион адамды үйрету көзделуде. Аталған барлық бағыт бойынша жұмыс жалғасын табады», - деді Дәурен Абаев.

Соңғы жаңалықтар