+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Дәурен Абаев: Ержан Максимді қолдауда бізге бірлік жетпей қалды

2019 жылғы 28 қараша 22:07
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев: Ержан Максимді қолдауда бізге бірлік жетпей қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ержан Максим – нағыз әнші деген атқа лайық. Ол өнерінің қаншалықты биік екенін дәлелдеп қоймай, еңбегінің ерен екенін дәлелдеп отыр.

Ұқсас жаңалықтар
Еңбек кітапшамда бір-ақ жазба бар – ҚазАқпарат ардагері Сара Мұстафина Коронавирус індет қаупі туралы «Сау болайық!» тележобасы эфирге шықты

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жас әншінің Польшадағы жеңісі жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол өзін көпшілік арасында ұстай біледі. Кәсіби әрі құзіретті халықаралық төрешілер бірауыздан жеңісті Ержанға берді. Байқаудың қалған қатысушыларынан Ержанның биік тұрғаны – ешқандай күмән туғызбайды. Сол себепті, ол мен үшін жеңімпаз», - деді министр «Ашық диалог» бағдарламасында.

Дәурен Абаев Ержанның жеңісін – қоғам үшін толағай іс тындырып жатқан «Хабар» агенттігінің бүкіл командасының жеңісі деп бағалады.

«Әлбетте, әрбір мемлекет өз ұланына дауыс береді. Дауыс беруде шынайылық туралы сөз қозғамай-ақ қоюға болады. Оны жақсы түсінеміз. Осы сәтті пайдалана отырып, Ержанға дауыс берген азаматтардың барлығына алғысымды айтқым келеді. Өкінішке қарай, біздің азаматтардың дауыс берудегі белсенділігі басқа елдерге қарағанда бәсеңдеу болды. Сайып келгенде, Ержан емес – жеңілген біздің көрермен. Жас дарынды қолдауда бізге бірлік жетпей қалды. Ахмет Байтұрсынұлы «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шығады» деген. Сөзді осымен аяқтауға болады», - деді ол.

Еске сала кетсек, Польшада өткен «Junior Eurovision-2019» ән байқауында бақ сынаған қазақстандық Ержан Максим екінші орын алған болатын.

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Максимді ән байқауындағы жүлдесімен құттықтады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT