Дәурен Абаев еліміздегі «5G» дәуірі туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстанда 5G ұялы байланысы қашан қосылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министрлік бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатыр, яғни ауылдарға интернеттің кең жолақты қолжетімділігін қамтамасыз ету, 5G және дата-орталықтар секілді жобаларды дайындауды қолға алдық. Біз бір жылдан астам мемлекеттік-жекешелік орталығымен және жобаға қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен жұмыс жүргіздік», - деді Д. Абаев Үкімет отырысында.

5G жобасының мәртебесіне тоқталған министр осы саладағы әлемдік жағдайлар туралы айтты.

«Көптеген елдердің тәжірибесі көреткендей, ұялы байланыс стандартының жаңа буыны әр он жыл сайын әзірленіп отырады. Мәселен, 1981 жылы бірінші стандарт -1G, 1992 жылы - 2G, 2001 жылы -  3G, 2010 жылдың аяғында 4G енгізілді. 2020 жылға дейін 5G стандартын енгізу күтілуде. 5G ұялы байланысын Қазақстан аумағына енгізу - Халықаралық электр байланысы одағымен 5G стандартын қабылдағаннан кейін мүмкін болады. 2019 жылы Мысырда өтетін Дүниежүзілік радио байланысы туралы  конференциясында осы шешімді қабылдау жоспарланған», - деді Дәурен Абаев.

Халықаралық байланыс одағы 5G стандартын қабылдағаннан кейін ғана, телекоммуникациялық жабдықтарды өндірушілер стандарт бойынша жұмыс істейін тиісті құралдарды жаппай өндіруді бастайды.

«Министрлік 2019 жылдың екінші тоқсанында 5G ұялы байланыс технологиясын пилоттық тестілеуден өткізуді жоспарлап отыр. 5G ұялы байланысын пилоттық тестілеу үшін министрлік жиіліктерді іріктеу жұмысын Астана, Алматы қалаларында және Ақмола мен Алматы облыстарында жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрлігімен келісілген жиілік ресурстары операторлардың біреуіне ғана 5G технологиясын тестілеуден өткізу жеткілікті. Министрлік жуық арада 5G мобильді байланыс технологиясын пилоттық тестілеуден өткізу үшін байланыс операторын анықтауы қажет», - деді министр.

Сондай-ақ, Ақпарат және коммуникациялар министрі 5G стандартының қажеттілігін  атап өтті.

«Тұрғындар 5G стандарты не үшін қажет екенін сұрауы мүмкін. Бұл ең алдымен, жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етеді. Кейбір сарапшылар 5G қосылған жағдайда, пилотсыз көліктер жүргізуге мүмкіндік пайда болатынын айтып отыр. Мысалы, 4G мобильді байланыс технологиясымен салыстырғанда, жылдамдығы қырық есе артық технологияны ұсынады. Интернет еш кедергісіз жұмыс істеген кезде, көптеген артықшылықтарға қол жеткіземіз. Денсаулық сақтау саласында нақты уақыт режімінде қашықтықтан күрделі операциялар жүргізу үшін қолдануға болады», - деді Дәрен Абаев.

Соңғы жаңалықтар