Дәурен Абаев Елбасының «Үлкен Еуразия» жобасын Алтын Орданың саясатына ұқсатты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев Алтын Орда мұрасын талқылаған халықаралық конференцияда Елбасының «Үлкен Еуразия» жобасына қатысты қызықты пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алтын Орда Шығыс пен Батысты жалғайтын көпір іспетті болды. Ұлы Жібек жолының солтүстік бағытында орналасқан империя өркениеттер арасындағы жан-жақты диалогты – материалдық құндылықтармен қатар, идеялар мен инновациялардың алмасуын қамтамасыз етті. Тарихқа көз салсақ, Алтын Орданың саясатынан Елбасының БҰҰ ұйымы Бас ассамблеясының мінберінен таныстырған «Үлкен Еуразия» жобасының үлгісін көре аламыз», - деді ол «Ұлық Ұлыс-Алтын Орда: бастауы, тарихы және мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжіриелік конференцияда.

Дәурен Абаевтың айтуынша, сол заманның өзінде Атын Орда идеологиясында адами құндылықтардың орны ерекше болған.

«Мемлекеттік басқарудың орталықтандырылғанына қарамастан, Алтын Орда ешқашан классикалық түрдегі «шығыс деспотиясы» болған жоқ. Қоғамның өзегін билікке деген қорқыныш емес, халқымыз имандылық деп айтатын рухани түпнегіз құрады. Қазір де біздің қоғамның табан тірер тұғыры, ынтымақтастықтың негізі – «әлеуметтік рейтинг» емес, имандылық пен мәңгілік рухани құндылықтар», - деді Президент әкімшілігінің өкілі.


Соңғы жаңалықтар