+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Дәурен Абаев дарынды оқушыларды атады

2019 жылғы 4 қараша 12:30
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев дарынды оқушыларды атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылордалық 12-сынып оқушысы Әлихан Шәкіман жел генераторының 3D-үлгісін ойлап тапқан. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тұлпар мініп, ту алған: Қобыланды батыр жырын жаттаған оқушы миллионер болды Ақтөбелік оқушылар жедел қызмет көрсетуге арналған мобильді қосымшаны меншіктеп алды Павлодар облысында 1-4 сыныптарға тегін ыстық тамақ беріледі

«10-сынып оқушысы Әлихан Рахметов көзі көрмейтін және нашар көретін адамдарға арналған «ақылды» таяқ ойлап тапты. Таяқтағы арнайы сенсорлар кедергілерді қашықтықтан анықтап, сигналды динамикке жібереді. Ол өз кезегінде 4 мың герц жиілігімен дыбыс шығарады. Тіпті қаладағы шу арасында да анық естіледі», - деді министр.

Ал, қызылордалық 12-сынып оқушысы Әлихан Шәкіман жел генераторының 3D-үлгісін ойлап тапқан. Оның құрылысы баламалы энергияны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Өндірілген электр қуаты тұтас шағын ауданды қамтамасыз етуге жеткілікті.

«Ақтөбелік оқушы Нұрдәулет Таумергенов мылқау кісілерге арналған қолғап ойлап тапты. Ол телефондағы арнайы бағдарлама арқылы ишаратты ауызша сөйлеу тіліне аударады. Егер екі қолғапты қолдансаңыз, 1 024 сөзді синтездеуге болады. Мұндай балалар көп. Оларды тәрбиелеген өз еліміздің азаматтары, олар – мемлекеттік саясаттың, Елбасы саясатының, Президент саясатының нәтижесі және олар өз елін сүйеді. Сондықтан біздің жобаларымыз жұмыс істеп, нәтижелерін беруде. Жастар жылы – бұл мемлекеттің өз болашағына қосқан үлесі және біздің балаларымыз, жасөспірімдеріміз осы жолдағы барлық шығындарды еселеп қайтаратынына, үмітімізді ақтарына сенімдімін», - деді Дәурен Абаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT