Дәурен Абаев дәрігерлер мен мұғалімдерді волонтерлікке шетелде оқытуды ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев дәрігерлер мен мұғалімдерді волонтерлікке оқыту шараларын шетелде жүргізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Волентер жылын өткіземіз және оның негізінде тиісті талдау жүргіземіз. Осыдан кейін нақты заңнамалық бастамаларды жариялаймыз. АҚШ-та егер де адам тестілеуден барынша жоғары балл жинаса, бұл өз кезегінде оның оқуға түсуіне кепілдік бермейді. Осы орайда міндетті түрде оның қоғамдық қызметіне, спорттық жетістігіне қарайды, яғни жалпы бағалау жүргізіледі. Біз де осындай бағалау тұрғысында тиісті қадам жасауымыз мүмкін», - деді Д. Абаев Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, Волонтер жылы аясында нақты жобаларды іске асыру көзделген.

«Бізде білім беру бойынша нақты жоба болады. Біз жоғары оқу орындары студенттеріне ауылдарға барып, талантты жастарды тартуға өтініш жасаймыз. Бұл тұрғыда оқу түсу, ҰБТ және басқа да шаралар қамтылады. Сондықтан нақты қадамдарға екпін қойылады», - деді министр.

Мұнымен қоса, аталған бағытта халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға назар аударылады.

«Біздің дәрігерлерге, мұғалімдерге тәжірибе жинақтау мақсатында неге шетелге бармасқа? Осы орайда дәрігерлерге тиісті мүмкіндік жасалар еді», - деді Дәурен Абаев.

Жалпы ұсынылған шаралар аясында денсаулық бағытында қалада жұмыс істеп жүрген білікті дәрігерлердің ауылдарға барып, ақысыз жәрдем көрсетуі ескерілген.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды.

Соңғы жаңалықтар