+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Дәурен Абаев бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының басымдықтары жөнінде айтып берді

2020 жылғы 17 ақпан 11:38
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының басымдықтары жөнінде айтып берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алматыда өткен азаматтық қоғаммен кездесуде «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Birgemiz» қоры барлық шығындар туралы есеп береді Карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынып, 15 тәулікке қамалуы мүмкін Қазақстанда коронавирустан бір әйел көз жұмды

«Мен бірінші кезекте бұл жерге сіздерді тыңдау үшін келдім. Сосын сұрақтарыңызға жауап беріп, пікірлеріңізді тыңдағым келді. Екі сөзбен айтқанда, 1995 жылы қабылданған заңға өзгеріс енгізсек пе деп ойладық. Бірақ, талқылау мен талдау кезінде өзгеріс енгізгенше жаңа заң қабылдаған дұрыс екендігі анықталды. Нақты өзгеріс енгізу мүмкін болмай шықты. Жаңа концептуалды заң қабылдау керек», - деді Дәурен Абаев «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңын талқылау кезінде.

Министр жаңа заңның күшті тұстарын да тілге тиек етті.

Оның айтуынша, жаңа заңда ұйымдастырушылардың, журналистер мен қатысушылардың құқығы мен міндеттерінің мәртебесі айқындалған, мемлекеттік органдардың уәкілеттілігі бекітілген, митинг өтетін арнайы орындар белгіленген. Митинг өткізу тәртібін хабарландыру ережесі енгізілген. Өтініштерді қарау тетігі нақтыланған.

«Біздің айтпақ болған барлық новелламыз жайлы сіздер білесіздер. Осы арада отырған әріптестеріміздің көпшілігі бұл заңның өте салмақты екендігімен келіседі. Бейбіт жиналыстар туралы жаңа өзгерістер енгізіледі», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT