+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Дәурен Абаев Бердібек Сапарбаевтың сөгіс алуына қатысты пікір білдірді

2021 жылғы 12 тамыз 16:37
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев Бердібек Сапарбаевтың сөгіс алуына қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог» сұхбатының кезекті санында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың сөгіс алуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Формалды тұрғыдан алсақ, шенеунікті жаңа қызметке тағайындау бойынша ешқандай проблема болмаған шығар. Бәрі заң нұсқаған жолмен істелген де болуы керек. Бірақ мемлекеттік қызмет құрғақ заңға ғана негізделмейді. Сонымен қатар этика, қоғамға қызмет ету де оның міндетіне кіреді. Мен қазір қателесуім мүмкін. Есімде болса, Қазақстанда 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметші бар. Оның бәрін Президент қызметтен босатып жатқан жоқ қой, оған келісетін шығарсыз. Бұл ерекше жағдай», - деп түсіндірді Дәурен Абаев.

Оның пайымынша, Президент қабылдаған бұл шешімнің ресми жағынан бөлек, символдық мәні бар.

«Бұл – билік пен қоғамның өрескел істер бойынша ынтымақтаста бола алатынының көрінісі. Мұны әрбір әкім, әрбір министр түсінуі тиіс. Бұл жұмыстан босатылған шенеунік жаман басқарма бастығы болар еді деген сөз емес. Жоқ. Бұл жерде биліктің беделі, билік пен қоғамдық сенім туралы айтылып отырса керек. Сенім болмаса, биліктің жұмысы да мүмкін емес. Мемлекеттік аппараттың мұны естуі маңызды деп ойлаймын» - деп атап өтті Дәурен Абаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT