Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 366.43 EUR 420.11
RUB 5.58 CNY 52.87
Жаңалықтар

Дәурен Абаев: «Balapan» арнасы анимациялық күй дәстүрін жалғастырмақ

2018 жылғы 14 маусым 13:34 821
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев: «Balapan» арнасы анимациялық күй дәстүрін жалғастырмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуниациялар министрі Дәурен Абаев «Balapan» арнасындағы «Қоңыр қаз» жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Министр Фейсбуктегі парақшасында анимациялық туындының видеосымен бөлісті.

Ұқсас жаңалықтар

«Қазақстан» РТРК «Balapan» телеарнасы «Қоңыр қаз» жобасын назарларыңызға ұсынады. Жоба арқылы қазақ мультипликациясының атасы Әмен Қайдаровтың «Ақсақ құланымен» басталған анимациялық күй дәстүрін қайта жалғамақшымыз. Жоба аясында Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір, Ықылас сияқты дәулескер күйшілеріміздің классикалық туындылары анимацияланады», - деп жазады Дәурен Абаев.

«Қоңыр қаз» топтамасы 2D жанрда, еліміздің белгілі мамандарының қатысуымен жүзеге асқан.

«Әр бөлімге мәдениеттанушы Зира Наурызбаева арнайы сценарий әзірлеген. Жобаның қоюшы режиссері - Дильшат Рахматуллин. Басты мақсат - Ұлы дала мұрасын ұрпақ санасына сіңіру», - деп жазады министр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
Мұрағат