+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Дәурен Абаев: Азаматтық қоғамды дамыту саласында терең реформа жүргізуге ниеттіміз

2019 жылғы 7 қараша 22:33
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев: Азаматтық қоғамды дамыту саласында терең реформа жүргізуге ниеттіміз

ОМБЫ. ҚазАқпарат – Омбыдағы XVI Өңірлік ынтымақтастық форумында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жастармен жұмыс қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Меценаттар аурухана, жол, көпір секілді нысандар салуға да атсалысуы керек - министр Дәурен Абаев: Кейбір адамдар діннің атын жамылып, экстремизмді насихаттап жүр Қазақстандықтар жүкті жасөспірімді көрсеткен бағдарламаны жабуды талап етті

Министр Қазақстан өзіндік жүйелі шараларды қолға алып жатқанын тілге тиек етті.

«Біз экономиканы цифрландыруды қолға алдық. Бұл процеске жастарды кеңінен тартып жатырмыз. Қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарын қазіргі заманның көзқарасымен үйлестіру үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Үшіншісі - Қазақстан Президенті халыққа құлақ асатын мемлекеттің тұжырымдамасын жариялады. Оның негізінде билік пен адамның әділет, ашықтық және сенім қағидаттары аясындағы өзара іс-қимылы жатыр», - деді Дәурен Абаев.

Министр Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан «Президенттік кадр резерві» жобасы мемлекеттік жүйенің басқарушылық құрамын жас, шығармашыл және өр жастардың есебінен жаңартуға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, 2020 жыл - Қазақстанда волонтерлер жылы деп жарияланған.

«Бүгін Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығы қарсаңында қазақстандық-ресейлік волонтерлік жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды. Бұл - ұрпағының бейбіт өмірі үшін жанын берген жандардың ұрпағы - біздер үшін аса маңызды бағыт. Сонымен бірге біз бірлескен жобалардың тақырыптарын кеңейтуді ұсынамыз «, - деді Д.Абаев.

Ол волонтерлік жастардың жұмысқа орналасуының бір түрі екенін, оның өзектілігі арта түсетінін жеткізді.

«Мемлекет жұмыстан тыс уақытта азаматты смартфонмен ғана оңаша қалдырмауы керек. Бұл үнемі наразылықты, әңгімелесушіні тыңдай алмай, дау үшін пікірталасқа бейім болуды, басқа адамдардың құзыреті мен нәтижелерін бағаламауды өмір салтына айналдыруы мүмкін. Өкінішке қарай, популистік ұрандар мен демагогтар түріндегі желілік мазмұн дәл осыған негізделген. Осыған байланысты біз Президенттің атынан азаматтық қоғамды дамыту саласында терең реформалар жүргізуге ниеттіміз және ресейлік әріптестерімізбен бірге жұмыс істеуге дайынбыз», - деп түйіндеді Д. Абаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT