+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Дәурен Абаев: Astana Media Week мақсаты - ел тұрғындарының медиасауатын арттыру

2019 жылғы 11 қыркүйек 10:22
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев: Astana Media Week мақсаты - ел тұрғындарының медиасауатын арттыру

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Astana Media Week апталығын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қытай каллиграфиясы бойынша қазақстандық студенттердің туындылары Бейжіңдегі көрмеде таныстырылды 11 жасар алматылық Лос-Анжелесте Азия киносы фестивалінің қызыл кілемімен жүріп өтті Қарағандыда Мәди Бапиұлы атындағы дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өтуде

Министр Орталық Азияда баламасы жоқ бұл басқосудың сіз бен бізге, отандық медиа саласын дамытуға қосатын үлесі жоғары болатынына сенім білдірді.

«Мемлекеттік мүддені халыққа жеткізіп, қоғамдағы өзгерістерге сай көзқарас қалыптастыруда медиа саласының атқарар маңызы зор. Осы орайда, еліміздің ақпараттық құралдары алдында үлкен мақсат-міндеттер тұр. Ол Елбасы бастаған, Мемлекет басшысы қолдап отырған саяси-экономикалық және Рухани жаңғыру жөніндегі кешенді реформаларға жұртшылықты жұмылдыру. Astana Media Week диалог алаңындағы негізгі мақсаттардың бірі - сіздер бір-бірлеріңізді танып, пікір алмасады деген ниет. Осылайша, еліміздің медиа саласын әр тараптан емес, ортақ мүдде аясында дамыту деген тілек бар. Бұл ауқымды шараның көздеген тағы бір мақсаты - ел тұрғындарының медиасауаттылығын арттыру, медиамәдениетті қалыптастыру. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі масс-медианың сапасын арттыратын кез келген бастаманы қолдауға әрқашан дайын. Сіздерді панельдік сессияларға белсене қатысуға шақырып, бүгінгі және алдағы жиындарға табыс тілеймін.

Оның айтуынша, медиа саласындағы өзекті мәселелер жылдан-жылға көбейіп келеді. Оның басты себебі - ақпаратты өндіру мен тұтыну процесінің түбегейлі өзгеруі.

«Ұялы телефонның теледидармен және басылымдармен бәсекеге түскені баршамызға белгілі. Бұл процесте технологиялық немесе маркетингтік қана емес, этикалық, демографиялық және әлеуметтік-саяси ерекшеліктері де бар. Мойындау керек, мемлекет үлкен және икемсіз бюрократиялық механизм ретінде бұл өзгерістерге біз ойлағандай жедел жауап бере алмай отыр. Сондықтан, біз үшін, мемлекеттік органдар үшін қазіргі өзгерістерге жауап беру үшін сіздердің, кәсіби мамандардың пікірі мен көзқарасы өте маңызды», - деді Дәурен Абаев.

Айта кетейік, елордадағы «Қазмедиа» орталығында үш күнге созылатын Орталық Азиядағы ең ірі медиа-оқиға — Astana Media Week басталды.

Astana Media Week-тің бірінші күні сериалдық өнімдерді әзірлеу және шығару тақырыбымен және салық преференциялары, кино прокатының шарттары, мазмұны, фильм өнімінің шығармашылық деңгейі және оның демеушілер үшін тартымдылығы тақырыбымен ерекшеленеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT