Дәурен Абаев әлеуметтік желіні кері байланыс үшін қолдану ерекшеліктерін атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада жергілікті атқарушы органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған республикалық семинар-кеңес басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі кеңес мемлекеттік органдардың ашықтығы және билік пен қоғам арасындағы диалогты нығайту тақырыбына арналған. Еліміздің Тұңғыш Президенті халықпен кері байланыста болудың жаңа форматтарын іздеуді тапсырған болатын. Дегенмен, тәжірибе көрсетіп отырғандай, жаңа тетіктерді әзірлеудің тиімділігі бұл жұмысқа барынша білікті сарапшыларды, азаматтық қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің бірдей тікелей қатысуына байланысты», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Осы ретте министр еліміздің қандай өңірлері халықпен кері байланысты жақсарту мақсатында әлеуметтік желіні қолданатындығын айтты.

«Барынша қамту, ашықтық және жедел әрекет ету - бұл біздің бағдарланатын үш постулат. Бұған қоса, қазіргі уақытта өңірлерде айтарлықтай позитивті тәжірбие қалыптасқан. Бұл ең алдымен «Open akimat», «Ikomek», «Халықтық бақылау» сынды жобалар. Мұның барлығы халықты жаппай гаджиттеу, біздің өміріміздің барлық саласына интернеттің, цифрландырудың жаппай енуінің нәтижесінде орын алып отыр. Көпшілік қазірдің өзінде болып жатқан өзгерістерді байқамауы да мүмкін. Қазіргі уақытта әрбір облыс әкімдігінің әлеуметтік желідегі аккаунты бар және оған адамдар өтініштері, шағымдарын, ұсыныстарын қалдырады. Әрине, өңірлерде жедел әрі тиімді үн қатуда айырмашылық бар. Дегенмен, барлық өңір бұл жұмыстың маңыздылығын түсінеді және оны жақсартуға тырысады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар