+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Дәурен Абаев: Әлеуметтік желіде агрессияның көптігі байқалады

2019 жылғы 14 қараша 22:17
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев: Әлеуметтік желіде агрессияның көптігі байқалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ел дамуына елеулі үлес қосқан 50 көрнекті тұлғадан тұратын бірегей мәліметтер базасы неліктен түзілгенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Біздің министрлік ұлтаралық келісім ісіне жауапты. Бұл – өте маңызды бағыт. Адамның толеранттығын ағарту мен ақпараттанудан артық ештеңе бекемдей алмайды. Адамға ұлтына немесе нәсіліне қарай баға беретіндер – шектеулі адамдар деп есептеймін. Неліктен? Себебі, олар этникалық әртүрліліктің бізге сыйлайтын сыйын түсіне бермейді. Өкінішке қарай, мұндай адамдардың саны аз да емес екен. Олардың аз емес екенін интернет, әлеуметтік желілер көрсетіп отыр. Әлеуметтік желідегі белсенділердің пікірлерінде, жазбаларында агрессияның қаншалықты көп екенін көріп отырамыз. Олардың көбі пікірін жасырынып қалдырып отырады. Бұл мәселе тек біздің елге қатысты емес», - деді деді Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министрдің айтуына қарағанда, елордадағы «Қазақстан этностары: еліміздің дамуына қосқан үлестері. Біз біргеміз» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында министрлік түрлі ұлттардың біздің елдің дамуына қаншалықты үлес қосқанын көрсетуге күш салған.

«50 адамнан тұратын база ағарту, ғылыми және ақпараттық тұрғыда пайдаланылады. Оның ішіне бәрімізге танымал азаматтар кірді. Біздің елдің дамуына олардың қосқан үлесін ескеруіміз керек. Евгения Брусиловский, Герольд Белгер, Денис Тен, Латиф Хамиди секілді көптеген адамды мысалға келтіруге болады», - деді ол.

Еске сала кетсек, елордада жақында «Қазақстан этностары: еліміздің дамуына қосқан үлестері. Біз біргеміз» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткен болатын. Іс-шара аясында «Қазақстан этностарының Қазақстан халқының жалпы тарихи-мәдени мұрасына қосқан үлесін зерделеу» атты зерттеу жұмысының нәтижелері ел дамуына елеулі үлес қосқан 50 көрнекті тұлғадан тұратын бірегей мәліметтер базасы түрінде ұсынылды. Олардың арасында композитор, профессор Брусиловский Евгений Григорьевич, аңызға айналған фольклорист, этнограф, композитор Затаевич Александр Викторович те бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT