+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Дәурен Абаев ақпарат және коммуникация министрі қызметіне тағайындалды

2016 жылғы 6 мамыр 17:09
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев ақпарат және коммуникация министрі қызметіне тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәурен Абаев ақпарат және коммуникация министрі қызметіне тағайындалды. Жаңа министрді ұжымға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов таныстырды.

Жиналысқа сондай-ақ ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев қатысты. Естеріңізге сала кетейік, кеше Ақордада өткен кеңес барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа уәкілетті мемлекеттік орган - Ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырған болатын.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы Алматы облысында туған. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген. 2014 жылы Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған.

2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.

2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланды Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.

2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.

2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.

2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.

2009 жылдың қазанынан - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

2013 жылдың шілдесінен осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

І-сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT